- Облыстық ПД-нің мобильдік патрульдері Ақтөбе облысымен және Ресеймен автокөлік қатынасын үзу үшін Қостанай – Жданов және Қостанай – Майкөл автожолдарын қоршауға дайын. Бастысы, транзиттік автомобильдердің қаланы неғұрлым алыстан айналып өтуін қамтамасыз ету керек. Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесінде қолданылған ең тиімді жол – осы, - деді Қ. Ахметов.
Жиын барысында аймақ басшысы барлық ауданда бақылау-өткізу бекеттерін қоюды қарастыру қажет екенін атап өтті.
Кәсіпкерлер мен облыс тұрғындарын уақытша енгізілген шектеу тәртіптерін сақтауға бүгін тағы да үндеген Архимед Мұхамбетов: - Бұған түсіністікпен қарауды сұраймын. Қабылданып жатқан барлық шаралар вирустың таралу аясын тарылту үшін жасалып жатыр, - деді.
Қостанай облысы